Гонконгтың халықаралық әуежайы қайта жұмыс істей бастады

None
None
ГОНКОНГ. ҚазАқпарат – Екі күнге созылған бейберекет жағдайдан соң Гонконгтың халықаралық әуежайы сәрсенбі күні қайта жұмыс істей бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.

Енді жолаушылар әуежай қызметкерлері билетін тексерген соң тіркеуден өте беруіне болады. Тіркеу орындарының бірі жолаушылар үшін ашық.

Гонконгтың халықаралық әуежайының әкімшілігі адамдардың әуежайдың қалыпты пайдаланылуына кедергі жасауынан сақтауға мүмкіндік беретін уақытша тыйым келгенін хабарлаған.

Әуежай басшылығы әуежай аумағында қандай да бір наразылық акцияларына қатысуына тыйым салынғанын да мәлімдеді.

Гонконгтың халықаралық әуежайы 2018 жылы күн сайын орташа 200 мың адамға қызмет көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар