Гонконгтегі сайлау учаскесі өз жұмысын бастады

None
None
ГОНКОНГ. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің сайлауында Гонконгтегі ҚР Бас консульдығы жанындағы №293 сайлау учаскесі әлем бойынша алғашқылардың бірі болып Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 05:00-де өз жұмысын бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.

Қазақстандық дипломаттар, сондай-ақ сайлау комиссиясы мүшелері сайлау учаскесінің салтанатты ашылуында әнұранды шырқады. Бұл жерде Гонконг, Макао, Шэньчжэнь және Гуанжоу қалаларында уақытша тұратын Қазақстан азаматтары дауыс бере алады. Алғашқы 30 минутта екі қазақстандық таңдауын жасады. Оларға кәдесый табыс етілді.

Еске салайық, Қытайдағы сайлау учаскелері ҚР ҚХР Елшілігінде (Бейжің, № 257) және Шанхай қаласындағы ҚР Бас консульдығында (№ 294) ашылды.

Авторы Садық Әкижанов

Соңғы жаңалықтар