Гонконгтегі қазақстандық студенттерге елге қайтуды ұсынамыз – Бас консулдық

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бас консулдық Гонконгтағы жағдайға байланысты қазақстандық студенттерге қала аумағынан кетуді ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап хабарлайды.
«Бүгінгі таңда Гонконгтан 208 студент кетіп қалды. Жақын арада тағы 14 студент қала аумағынан шығады деп жоспарлануда. Біздің кейбір студенттеріміз Гонконгтан қазақстандық дипломаттарды хабардар етпей кетуде. Дегенмен, Гонконгте төтенше жағдай енгізілмегенін атап өтеміз. Біз тек біздің студенттерге ғана Қазақстанға қайтып келуді ұсынамыз, өйткені университеттер келесі семестр басталғанға дейін – яғни 2020 жылдың қаңтарына дейін сабақтарды тоқтатты. Бұл тек ұсыныс, ешкімді қаладан кетуге мәжбүрлей алмаймыз. Қалада қалған барлық студенттермен дипломаттар байланыс орнатып, оларға әрдайым қажетті көмек көрсетуге дайын», - деді Айбек Смадияров.
Бүгінде консулдық есепте 195 студент тұр, бірақ бізбен байланысқа 250-ге жуық студент шықты. Біз олардың барлығына көмектесудеміз, консультациялық көмек көрсетеміз, қажет болған жағдайда әуежайға дейін жеткізудеміз. Студенттердің бір бөлігі өздерін қауіпсіз сезінуіне байланысты Гонконгта қалуға ниет білдірді.
«Гонконг аумағынан кету ұсыныстары тек біздің студенттерімізге ғана қатысты екенін тағы бір мәрте атап өткім келеді. ҚР азаматтарын қауіпсіздік жағдайы тұрақтанғанша Гонконгқа аса қажеттіліксіз бармауға шақырамыз. Гонконгта болуға мәжбүр болған азаматтарды барлық қажетті сақтық шараларын қабылдауды сұраймыз. Жағдайдың мән-жайын БАҚ-та және Гонконгтағы Қазақстанның Бас консулдығының ресми сайтында бақылап отыруға болады», - деді А.Смадияров.
- Абай әні Түркияның Каппадокия өңірінде шырқалды
- Түркияда Қазақстанның Тәуелсіздік күні тойланды
- Елордада Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының штаб-пәтері ашылды
- Қазақстан елшісі Латвия президентіне сенім грамоталарын тапсырды
-
Норвегияда «Әміре» фильмі көрсетілді
-
Қазақстанның Елшісі Португалия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам