+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Гонконгтегі қақтығыс:  Қазақстан азаматы ұсталды

2019 жылғы 20 қараша 19:22
Бөлісіңіз:
Гонконгтегі қақтығыс:  Қазақстан азаматы ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Гонконг қаласында наразылар мен полиция арасындағы қақтығыс кезінде Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Гонконгтегі қазақстандық студенттерге елге қайтуды ұсынамыз – Бас консулдық ҚР СІМ Гонконгтегі қазақстандық студенттерге елге оралуды ұсынды Гонконгтағы ереуіл кезінде 2 қазақстандық көмекке жүгінді – ҚР СІМ

«Гонконг қаласы полициясының қазақстандық дипломаттарға ұсынған ақпаратына сәйкес, 18 қараша күні наразылық танытушылармен қақтығыс барысында Қазақстан азаматы, Гонконг Баптист университетінің бірінші курс студенті Нүкпи Әбілқайыр ұсталған. Консул азаматымызға барды, оның денсаулық жай-күйі тұрақты, оң қолының шынтағында ұстау кезінде құлағат сәтте алған аздаған жарақаты бар. Ұсталу жағдайына ешқандай шағымы жоқ», - деп атап өтеді министрліктен.

Ведомство мәліметінше, бүгін оның ісіне қатысты алдын ала тыңдау өткен. Қазіргі уақытта Қазақстанның бас консулы бұл істі айрықша бақылауына алып отыр. Дипломаттарымыз да Қазақстан азаматының құқықтарының сақталуын қадалағап отырмақ.

«Дегенмен, дипломаттар қылмыстық істер жөніндегі адвокат іздеп жатыр. Атап өтерлігі, соңғы уақытта Гонконгта 4 мыңнан астам адам ұсталды және осыған байланысты адвокаттардың жетіспеушілігі байқалады,», - деді министрліктен.

Бұған дейін Қазақстанның Гонконгтегі Бас консулдығы Гонконгтегі (ҚХР) жағдайдың шиеленісуіне және жаппай наразылық акцияларының жалғасуына байланысты еліміздің азаматтарына қалада қалыптасқан төтенше жағдайды ескеруді өтінген болатын.

Бұған қоса ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров сол жақтағы қазақстандық студенттерді елге оралуға шақырған еді.

Жалпы осы уақытқа дейін Гонконгтағы ереуіл кезінде ҚР Сыртқы істер министрлігіне Қазақстанның екі азаматы жүгінгені белгілі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қытай, ҚР СІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT