Гонконгте індет тарағалы алғаш рет локдаун енгізілді

ГОНКОНГ. ҚазАқпарат – Гонконгте пандемия басталғалы алғашқы локдаун енгізілді. Бірақ ол бүкіл қалаға қатысты емес, тек халық тығыздығы ерекше жоғары және кедей топтар өмір сүретін оның кейбір аудандарына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
Джордан ауданында көпқабатты үйлерде тұратын шамамен 10 мыңға жуық адамға үйден шықпауға нұсқау берілді. Ауданның барлық тұрғыны тестілеуден өтпейінше олар үйден шықпауы керек.
Билік оған 48 сағат кететінін айтты. Осы уақыт аралығында 150 көпқабатты үйдің тұрғындары тексеріледі.
Гонконг Қытайдың орталық аудандарынан жаңа коронавирус «әкелінген» алғашқы орындардың біріне айналды.
Бірақ билік қатаң локдаун енгізбей-ақ шектеу шаралары мен айыппұл жүйелерінің көмегімен жағдайды бақылауда ұстады. Мұнда ауруға шалдыққандардың жалпы саны 10 мыңнан аспайды. Коронавирустан бар-жоғы 170 адам көз жұмған.
Алайда соңғы екі айда қалада Джордан ауданына тараған эпидемияның төртінші толқыны басталды. Мұнда қаңтардың алғашқы 20 күнінде коронавирус жұқтырудың 162 жағдайы анықталған.
- Жамбыл облысында екі айда 54 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған
- Ғалымдар коронавирус инфекциясы алдында осал қан тобын анықтады
- Алматы дәрігерлері ер адамның көзінен 3 см сым темір алып шықты
- Бейжіңде ҚХР-дың жоғары заң шығарушы органының сессиясы ашылды
-
Коронавирус: Ақмола облысы «жасыл аймаққа» өтті
-
КВИ салдарынан өндірістік көрсеткіштерге түзетулер енгізуге мәжбүр болдық – Нұрлан Ноғаев
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам