Гонконгта екі автобус соқтығысып, 77 адам зардап шекті

None
None
ГОНКОНГ. Синьхуа – ҚазАқпарат – Гонконгтағы Тай Лам тунеліне жақын маңда қос екі қабатты автобус соқтығысып, 77 адам зардап шекті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Гонконг Арнайы әкімшілік ауданы үкіметінің ақпараттық қызметтер департаментінің мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8:30 шамасында Гонконг өрт сөндіру күзеті департаментіне Жаңа аумақтардағы (Гонконгтың арнайы әкімшілік аудандарының үшеуінің бірі) басты көлік түнелінде екі автобустың соқтығысқаны туралы хабар келіп түскен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 77 адам жарақат алды.

Белгілі болғандай, зардап шеккендердің көпшілігі жеңіл жарақат алып, әртүрлі ауруханаларға жеткізілген.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, автобустардың бірінің кейбір жолаушыларының сөзінен белгілі болғандай, жол апаты кезінде көлік рұқсат етілген жылдамдықпен келе жатқан.

Алмас Жексенбеков

Соңғы жаңалықтар