Гондураста сот экс-президенттің әйелін 58 жылға бас бостандығынан айырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сот сәрсенбі күні Гондурастың бұрынғы президенті Порфирио Лобоның әйелі Роса Элена Бонильяны 58 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Reuters агенттігі республиканың Жоғарғы сотының өкілі Карлос Силваның мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

«Бұрынғы бірінші ханым Роса Элена Бонилья ақшалай қаражатты жымқыру және алаяқтық жасағаны үшін 58 жылға сотталды», - деді Силва.

52 жастағы Бонильяның адвокаты қорғауындағы әйелдің кінәсіз екендігін және Жоғарғы сотқа апелляция берілетінін мәлімдеді.

Экс-президенттің жұбайы 2018 жылдың ақпан айының соңында ұсталған еді. Гондурас прокуратурасы оған түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған $700 мың қаржыны иеленді деп кінә тақты.

Лобо Орталық Америка Республикасын 2010-2014 жылдары басқарды.


Соңғы жаңалықтар