Головкиннің жаңа жаттықтырушысы еңбекақысы жайлы айтты
- Головкиннің Санчеспен байланысын үзу себебіне қатысты пікіріңізді білдіре аласыз ба? Головкинге көрсететін қызметіңіздің еңбекақысы қандай?
- Олардың не себепті байланыстарын үзгені мені алаңдатпайды. Оған қатысты пікірімді білдіре алмаймын. Еңбақыма келсек, оны да егжей-тегжейлі айтқым келмейді. Бірақ қаржылық мәселелер бойынша менің түсінуімше, бәрі дұрыс.
Айта кетейік, Головкин мен Санчестің айрылысуына шешілмеген қаржылық мәселелер себеп болды: Геннадий жаттықтырушысының жалақысын азайтқысы келген, ал ол бас тартқан. Геннадий Бэнкстің жаттықтыруымен алғаш рет 8 маусым күні Нью-Йоркте канадалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО) жекпе-жекке шығады. Париматч букмекерлік кеңсесінің бағалауынша: Головкиннің жеңісі - 1.01, Роллдың жеңісі - 19. Жекпе-жек 164 фунттық аралық салмақта өтеді.