Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.83 EUR 430.99
RUB 6.04 CNY 55.05
Jańalyqtar

Головкиннің жаңа бапкері жаттығуға енгізілген өзгерістер туралы айтты

2019 жылғы 6 мамыр 14:50 1012
Бөлісіңіз:
Головкиннің жаңа бапкері жаттығуға енгізілген өзгерістер туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің жаңа жаттықтырушысы Джонатон Бэнкс боксшының стилін өзгертуге арналған бірқатар жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Геннадий Головкин: Үлкен шоу көргілеріңіз келсе, «Канелоны» шақырыңыздар GGG-дің Роллсты нокаутқа түсірген видеосы жарияланды

Бэнкске дейін Головкин тоғыз жыл Абель Санчеспен бірлесіп жұмыс істеді. 8 маусым күні Нью-Йоркте өтетін Стив Роллспен жекпе-жек 36 жастағы америкалықтың GGG-дің жаттықтырушысы ретіндегі алғашқа айқасы болмақ.

«Қазір біз оның рингтегі белсенділігі үшін жұмыс жасап жатырмыз. Дәл қазіргі уақытта бұл біздің негізгі мақсатымыз. Көбірек соққы беріп, қарсыласты шаршату керек. Бір шабуылға  ғана емес, қатарынан бірнеше соққыға күш салса, қарсыластың шаршы алаңда демалуына уақыт қалмайды. Раундар арасындағы үзіліс қана оның тыныстап алуына мүмкіндік береді. Осылайша қарсыласыңыздың рингте өзін қолайсыз сезінуіне жол ашасыз», - деді Джонатон Бэнкс Fighthub TV-ге берген сұхбатында. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT