Головкиннің WBA жаңа чемпионы Чудиновпен жекпе-жекке шығуы ықтимал

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super), IBO және WBC Interim нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин WBA (Regular) нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы жаңа әлем чемпионы, ресейлік Федор Чудиновтың командасына жекпе-жекті өткізу жөнінде ұсыныс жасады.

Бұл туралы "Р-Спорт" агенттігіне ресейлік боксшының промоутері Владимир Хрюнов мәлім етті.

Өткен демалыс күндері Чудинов Франкфурт қаласында неміс боксшысы Феликс Штурмнан басым түсіп, бұған дейін бос болып келген WBA (Regular) атағын иеленген болатын.

«Мен Геннадий Головкиннің командасынан ұсыныс алдым. Оның менеджері маған Геннадий Головкинмен Германияда жекпе-жекке шығуға қызығушылығым бар ма деген хабарлама жіберді. Әрине, бұл өте тамаша кездесу болар еді. Дегенмен біз жауап беруге асықпаймыз», - деді Хрюнов телефон арқылы болған әңгімелесуде.

Айта кетейік, Геннадий Головкин өзінің келесі жекпе-жегін Лос-Анджелесте өткізеді. Оның қарсыласы алдағы айқасты «өзінің мансабының шыңы» деп атаған американдық боксшы кіші Вилли Монро, деп жазады vesti.kz.

Соңғы жаңалықтар