Головкиннің титулдық жекпе-жегі туралы айтылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер WBA тұжырымы бойынша «тұрақты» чемпион Риота Муратаға (14-1, 11 КО) қарсы өтуі мүмкін жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Головкин - Мурата жекпе-жегі белгілі бір дәрежеде қызықты. Токиоға бару біз үшін қызықты болуы мүмкін. Онда бұл жекпе-жек ESPN арқылы көрсетілетін шығар. Мұнда Головкин алуы мүмкін белдік қана емес, жекпе-жектің өзі де қызықты болады. Көптеген БАҚ және жанкүйерлер Геннадий өз белдіктерін қайтаруға ұмтылуы тиіс деп есептейді. Бірақ оның өзі бұл титулдардан артық. Жұрт қолдап, Головкин бәрібір чемпион болуы тиіс екенін білдірді. Геннадийде жақсы мүмкіндіктер бар», - деді Леффлер.

GGG КӘСІПҚОЙ БОКСТА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖЕҢІЛДІ

Бірақ Мурата алдымен 20 қазан күні Лас-Вегаста Роб Бранттан (23-1, 16 КО) өз титулын қорғауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар