Головкиннің тәлімгері оның бірінші әлем чемпионы титулы туралы айтып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) өзінің кәсіби мансабындағы маңызды айқастардың бірін 15 қыркүйекте Лас-Вегаста мексикалық боксшы Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықты әуесқой бокста жаттықтырған бокстан Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Ғалым Кенжебаев Sports.kz сайтына қазіргі таңдағы ең танымал екі боксшының рематчына баруды жоспарламайтынын айтты.

«Жоспарлап отырған жоқпын, себебі мен ол уақытта Будапештте Әлем жастарының чемпионатында боламын. 18 жыл бұрын осы жарыста Геннадий Головкин менің басшылығыммен алтын медаль алған болатын», - деп еске алды маман.

Соңғы жаңалықтар