Головкиннің суреті The Ring журналының мұқабасына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал The Ring журналы кезекті шығарылымын алдағы Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің рематчына арнап, мұқабасына қос боксшының суретін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Журнал мұқабасында Головкин мен «Канелоның» бір-бірімен көз атысып тұрған қылқаламмен салынған суреті жарияланған. Ал екеуінің ортасына «War!» («соғыс» - ағылшын тілінде) деп жазылған.

Айта кету керек, боксшылар арасындағы екінші жекпе-жек шынымен де достық кездесуге ұқсамайды - GGG де, Альварес те және олардың жаттықтырушылары да, промоутерлері де үнемі сырттай ұрыс-керіс шығарып жүреді.  

«Канело» мен Головкиннің рематчы 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.  

Соңғы жаңалықтар