Головкиннің шапаны отандастарына ұнады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның ғаламтор пайдаланушылары әлеуметтік желілерде WBA, IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаңа шапаны өзіне жарасымды болғанын айтып, көпшілікке ұнағанын жазып жатыр.

Геннадийдің жанкүйерлері GGG командасының креативті бастамаларына қолдау танытты. Монакода өткен жекпе жекте көпшіліктің айтуынша, боксшының шапаны ғана емес, Қазақстан байрағының түсіне ұқсас тіс қорғағыш капасы да ерекше көзге түскен, деп жазады boxingnews.kz.

БАҚ-та бұған дейін хабарлағандай, Головкинге жаңа шапанды ОҚО кәсіпкері Әбдімәжит Сыздықбеков сыйлады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан боксшысы қарсыласын 11-ші раундта нокаутпен жеңді.

Соңғы жаңалықтар