Головкиннің салмағындағы WBO титулы үшін өткен жекпе-жектің жеңімпазы анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Головкиннің салмағындағы WBO титулы үшін өткен айқастың жеңімпазы төрешілердің даулы шешімімен анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Нью-Йорктің (АҚШ) Madison Square Garden аренасында орта салмақта титулдық жекпе-жек өтті. WBO чемпионы Деметриус Андраде (26-0, 16 КО) Артур Акавовпен (19-2, 8 КО) айқасты.

Кездесу Андраденің жеңісімен аяқталды. Төреші 12-раундта техникалық нокаут болғаны туралы даулы шешім қабылдады. Белдігін қорғап қалған америкалық боксшы осымен кәсіпқой бокстағы 27-жеңісіне қол жеткізді, ол бірде-бір рет жеңілмеген. Ал Акавав үшінші рет жеңіліске ұшырады.

Еске сала кетейік, WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) бірнеше рет WBО белдігі үшін жекпе-жек өткізіп, барлық белдіктерді біріктіруді жоспарлағанмен, оның сәті түспеп еді. Жуырда берген сұхбатында Андраде Головкинмен кездесу өткізуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Бірақ ол үшін Головкин DAZN-мен келісімшартқа отыруы тиіс.

Соңғы жаңалықтар