Головкиннің салмағындағы қамауға алынған әлем чемпионы рингке оралады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы америкалық Деметриус Андраденің рингке қашан оралатындығы белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Айта кеткен жөн, орта салмақ дәрежесінде Геннадий Головкин өнер көрсетеді.

Андраде қазақстандық боксшымен жекпе-жекке шыққысы келетіндігін бірнеше рет дөрекі түрде мәлім еткен болатын.

«Эдди Хирн 18 қаңтарда  Нью-Йоркте өтетін төрт титулдық жекпе-жек  жайлы алдағы аптада құлақтандыратындығын мәлімдеді. Бокс кешінде  Деметриус Андраденің өз титулын алғаш рет қорғайтын болады», - деп жазды TalkSport.com  журналисі Майкл Бенсон өзінің твиттерінде.

Еске сала кетсек, өткен бейсенбіде Деметриус Андрадені полиция Провиденс  қаласында заңсыз қару алып жүргені үшін тұтқынға алған болатын. 

Соңғы жаңалықтар