Головкиннің салмағындағы әлем чемпионы қамауға алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні АҚШ-та WBO тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Деметриус Эндрейдті заңсыз қару алып жүргені үшін Провиденс қаласының полициясы қамауға алды. Бұл туралы The Providence Journal басылымы хабарлаған.

Тәртіп сақшылары боксшының басқа машинадағы адаммен тілдесіп отырған кезінде оның «Mercedes» көлігіне назар аударған.

Боксшы күйгелектеніп, алдыңғы есіктің жанында жатқан рюкзакты ақтара бастайды. Полицейлер оны аштырған кезде ішінен Glock 19» тапаншасы табылған. Ал оған рұқсат беретін құжат болмай шыққан.

Деметриус Эндрейд қару өзін қорғау үшін қажет екенін түсіндірмекке әрекеттенді, алайда оның айтқандары дәлелсіз болды.

30 жастағы Эндрейдке қылмыс жасады деген айып тағылып, соттың шешімімен кепілдікпен бостандыққа шығарылды.

Еске сала кетейік, қазақстандық Геннадий Головкинмен бір салмақ санатында өнер көрсететін Деметриус оның кездесуі мүмкін қарсыластарының бірі саналады.

Соңғы жаңалықтар