Головкиннің салмағында титулынан айырылған Сондерсті тағы бір жаза күтіп тұр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Допинг сынаманың оң нәтижесіне байланысты WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы британдық боксшы Джо Сондерс (26-0, 12 КО)  әлем чемпионы титулынан айырылды, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұған қоса Дүниежүзілік бокс ұйымының президенті Пако Валькарсель бұрынғы чемпионды қосымша жазалауға ниеттеніп отыр. Ол WBO атқарушы комитетіне Сондерсті алты айға дисквалификациялауды ұсынды.

Енді WBO иесіз қалған белбеу үшін 20 қазанда Бостонда
америкалық боксшы Деметриус Андраде (25-0, 16 КО) намибиялық Уолтер Каутондоквамен (17-0, 16 КО) айқасатын болады.

 
Соңғы жаңалықтар