Головкиннің Роллспен айқасы үшін қанша гонорар алатыны белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ESPN арнасының сарапшысы Дэн Рафаэль қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) жекпе-жек үшін төленетін ресми гонорары туралы айтты, деп жазады Sports.kz.

Головкин осы жекпе-жек үшін 2 млн доллар, ал Роллс 300 мың доллар кепілдендірілген гонорар белгіленген. Алайда Головкин осы айқасы арқылы 15 миллион доллар табыс табады деп болжануда.

Головкин - Роллс кездесуі 9 маусым күні «Madison Square Garden» аренасында өтеді.Басталуы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 9.00-де. Қазақстандықтар тікелей эфирді «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналарынан көре алады. WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы GGG үшін бұл, DAZN стримингілік платформасындағы алғашқы жекпе-жек болады. Қазақстандық боксшының DAZN-мен 100 миллион долларлық келісімшарты жөнінде бұған дейін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар