Головкиннің Риота Муратамен жекпе-жегі үшін қанша гонорар алатыны белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) жапон боксшысы Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жегі үшін қанша гонорар алатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz. сілтеме жасап.

Total Sport сайтының хабарлауынша, Головкин жекпе-жек үшін 5 млн доллар көлемінде кепілдендірілген гонорар және оған қоса PPV-дің 70% үлесін алады. Бұл шамамен 12-15 млн доллар.

Қазақстандық боксшы Сергей Деревянченкомен айқасы үшін 7,5 доллар алса, 2020 жылы соңғы рет өткізген Камил Шереметпен жекпе-жегінде 7 млн шамасында және оған қоса PPV сатудан 2-4 млн доллар алған.

Еске салсақ, Головкин мен Риота Мурата орта салмақтағы IBF және WBA Super титулдары үшін жұдырықтасады.

Жапониядағы бокс кеші сенбі, 9 сәуір күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады. Головкин мен Муратаның басты жекпе-жегі шамамен сағат 18:10-ға жоспарланған. Қос боксшының рингте кездесуін Qazsport және Qazaqstan телеарналарында тікелей эфир арқылы тамашалауға болады.

Әлемге әйгілі қазақстандық боксшы, бокстан WBA/IBF/WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин 40 жаста.



Соңғы жаңалықтар