+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Головкиннің промоутері: Үшінші кездесуден бас тартатын себеп көріп тұрғаным жоқ

2021 жылғы 10 мамыр 05:00
Бөлісіңіз:
Головкиннің промоутері: Үшінші кездесуден бас тартатын себеп көріп тұрғаным жоқ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) промоутері Том Леффлер Сауль Альварестің (56-1-2, 38 КО) Билли Джо Сондерспен (30-1, 14 КО) кездесуіне қатысты пікір білдірді.

Ұқсас жаңалықтар
Головкин мен Муратаның айқасы өтетін күн өзгерді

Сондай-ақ ол Альварестің есіне трилогияны салды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Канело» 70 мың телекөрермен алдында нокаутпен жеңді. Бұл өте жақсы жетістік. Алайда GGG-мен кездесу Флойд Мэйвезерен кейінгі ең қиын айқас болады. Головкин бірінші кездесуде жеңіске жетті, тіпті екеуінде де деуге болады. Егер сенде осындай мықты жекпе-жектер өткізетін мүмкіндік болса, неге үшінші кездесуді ұйымдастырмасқа. «Канело» өзінің мықтылығын көрсетті. Құттықтаймын!», деп жазды Том Леффлер өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, «Канело» Сондерсті жеңіп, әлем чемпионның үш титулын біріктірді. Осыған дейін ол қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 36 КО) үшінші кездесуге дайын екенін, ол үшін қазақстандықтың супер орта салмаққа көшуі керектігін айтқан болатын.

Головкин мен «Канелоның» бірінші кездесуі тең аяқталды және ол үлкен дау тудырды. Одан кейінгі кездесуде төрешілер басым дауыспен жеңісті Альвареске берді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT