Головкиннің промоутері Сондерске қарсы жекпе-жек туралы пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер WBO белдігінен айырылған Билли Джо Сондерстен (26-0, 12 КО) көрі, Бүкіләлемдік бокс суперсериясының чемпионы Каллум Смитпен (25-0, 18 КО) кездесу өткізген жөн екенін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«WBO титулы Сондерспен кездесу ұйымдастыруға себеп болар еді. Енді оның белдігі жоқ, сондықтан Сондерс енді бізді қызықтырмайды. Кезінде Головкин - Сондерс жекпе-жегін Қазақстанда, былтырғы ЭКСПО аясында өткізбек болып едік. Бірақ қазір бұл айқасты ұйымдастырудың түк мәні жоқ.

Бірақ Геннадий Ұлыбританияға қайта оралуға қарсы емес, мұнда оның фанаттары көп. Каллум Смит жақсы боксшы, ол Бүкіләлемдік бокс суперсериясын жеңіп алды. Ол Головкинмен кездессе, тамаша жекпе-жек болушы еді», - деді Леффлер.

Соңғы жаңалықтар