Головкиннің промоутері өтірік айтады - Лу ДиБелла

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украиналық орта салмақ боксшысы Сергей Деревянченконың командасы Геннадий Головкинге барынша қысым көрсетуге әрекет етіп жатыр, деп жазады sports.kz.

Головкин мен Альварестің мамыр айындағы рематчы өтпейтін болған соң Деревянченконың промоутері Лу ДиБелла мен менеджері Кит Конноли IBF-ке шағым жасап, Головкин осы тұжырымның белдігін Деревянченкодан қорғауын талап еткен. Халықаралық бокс федерациясы ұзақ талқылаудан соң Головкиннің Ванес Мартиросянмен жекпе-жек өткізуіне мүмкіндік берген.

«Том 5 мамыр күнгі жекпе-жекке Сергей дайын болмады дегенді айтты. Бұл - қып-қызыл өтірік. IBF-ке біз дайынбыз деп бірнеше рет хат та жаздық. Шынтуайтында, олар (Головкиннің командасы - ред.) бірнеше боксшыға ұсыныс жасады, ал бізге жекпе-жек үшін бір долларлық ұсыныс та жасаған жоқ», - дейді ДиБелла.

5 мамырдан бастап санағанда, Головкинде осы белдікті Деревянченкодан қорғауы үшін 90 күн бар. Яғни 3 тамызға дейін Геннадий титулды қорғамаса, оны алып қою мүмкін.

Соңғы жаңалықтар