Головкиннің промоутері оның «Канеломен» трилогиясы жайлы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35KO) промоутері Том Лёффлер GGG мен «Канелоның» үшінші айқасының өту ықтималдығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстан кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап.

«Бұл «Канелоға» қойылатын сұрақ. Біз бұл сұраққа жауап бере алмаймыз. 14 қыркүйекте Канелоның айқасы өтуі керек еді... Геннадий дайын. Егер «Канело» оған үшінші айқасты берсе, әлбетте, Геннадий келіседі. Бірақ, Геннадий ол титулды алса (Деревянченкомен айқастан кейін) өзінің чемпиондық жолымен кетуі мүмкін. Ол – бокстағы ғана емес, жалпы спорттағы маркетингті спортшылардың бірі», - деді Behind The Gloves порталының тілшісіне берген сұхбатында Том Лёффлер.

Оның айтуынша, Геннадийдің Эдди Хирнмен серіктестігі қазақстандық боксшы үшін үлкен жол ашқалы отыр.

«Егер ол Деревянченконы жеңсе, ол үшін екінші айқас дайын. Одан кейін келесі жылы не боларын бақылай жатармыз», - деді Т.Лёффлер.

Еске сала кетсек, әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин титул үшін айқас өткізетіндігін ресми жариялаған болатын. 7 қазанда ол украиналық Сергей Деревянченкомен IBF титулына таласады. Жекпе-жек қазан айында Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» аренасында өтеді.



Соңғы жаңалықтар