Головкиннің промоутері көптен күткен кездесуге қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер үшінші SuperFly бокс кешін ұйымдастырумен айналысуда. Бұл кезедсуді ол Лос-Анджелесте 8 қыркүйек күні өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жолы ақпан айындағыдай басты кездесуге тайландық боксшы Срисакет Сор Рунгвисаи (45-4-1, 40 КО) мен мексикалық Хуан Франсиско Эстрада (36-3, 25 КО) шығады. Олардың бірінші кездесуінде төрешілердің басым дауыс беруімен тайландық боксшы жеңіске жеткен болатын. Осылайша ол ең жеңіл салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы белдігін қорғап қалды. 

«Оңтүстік Калифорния өкілдері бұл кездесуді асыға күтуде. Сол себепті біз бокс кешін осы жерде, Лос-Анджелесте өткіземіз. Бұл жекпе-жекті мұнда барлығы көргілері келеді. Алғашқы кездесу «Жылдың үздік жекпе-жегі» атағына басты үміткерлердің бірі болатын. Осыған қарай барлығы да осы спортшылардың алаңға шыққанын күтіп отыр»,-деді Леффлер.

Соңғы жаңалықтар