Головкиннің промоутері келесі айқасқа ең тиімді нұсқаны атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері (38-1-1, 34 КО) Том Леффлер оның қамқорлығындағы боксшы үшін қаржылық жағынан ең тиімді жекпе-жек туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Геннадийдің жақсы таңдауы бар. Келесі жылы «Канеломен» үшінші айқас бұрынғысынша екі боксшы үшін табысты болмақ», - деп атап өтті Леффлер.

 Еске сала кетейік,  «Канело» 15 қыркүйек күні қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) өткен реванштық айқаста жеңіске жетті. 

Головкин мен «Канелоның» алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өтті. Айқас төрешілердің шешімімен тең аяқталды.  

Геннадий үшінші айқасқа да келісімін берді. Бірақ Альварестің командасы оны ұйымдастыруға асығып отырған жоқ. Сауль Альварестің келесі жекпе-жегі 15 желтоқсанда Нью-Йорк қаласында өтеді. Оның қарсыласы  WBA Super нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы чемпион Рокки Филдинг (27-1, 15 КО) болмақ.

Соңғы жаңалықтар