+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Головкиннің промоутері «Канелоның» орнына қарастырылатын кандидаттарды тізіп берді

2018 жылғы 6 маусым 16:38
Бөлісіңіз:
Головкиннің промоутері «Канелоның» орнына қарастырылатын кандидаттарды тізіп берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 360/GGG Promotions басқарушы директоры Том Леффлер Villainfy Media-ға берген сұхбатында Сауль Альвареспен реванш сәті бұл жолы да түспесе, Головкинге қыркүйекте кім қарсылас болуы мүмкіндігін айтты, деп жазады Sports.kz.

Бүгін мексикалықтың промоутері Оскар де ла Хойя келісімшарттың қаржылық бөлігі бойынша ымыраға келу қиын болғандықтан, «Канело» - GGG арасындағы кезекті жекпе-жек болмайтынын, 15 қыркүйекте Альварес Дэниэл Джейкобспен жұдырықтасуы мүмкін екенін айтқан болатын.

- Оскар де ла Хойя миллион доллар үшін кім көрінгенмен немесе 20 миллионға «Канеломен» жұдырықтасуларыңызға болатынын айтты.

- «Канеломен» кездесуден бұдан да көп ақша түсуі мүмкін. Бірақ GGG Билли Джо Сондерс, Сергей Деревянченко немесе Джермалл Чарлолармен кездессе, бұлар да айтулы жекпе-жектер қатарына кіретін еді. Бұл жерде «үлкен» немесе «кіші» жекпе-жек деген ұғым жоқ, егер «Канеломен» кездесудің бұл жолы да сәті түспесе, Геннадий онсыз да жақсы кездесулер өткізе алады.

- WBC егер Головкин «Канеломен» кездеспейтін болса, онда Джермалл Чарлоға қарсы рингке шығуы тиіс екенін мәлімдеді...

- Чарломен жекпе-жек айтулы кездесу болуы мүмкін. Қазір бізде IBF және WBC тұжырымдары арасында «үміткерлердің қақтығысы» болып жатыр. Екі тұжырым да міндетті үміткерлерін бекітті. Бокста қазір алуан түрлі саясат бар, біз бір шешімге келуіміз керек. Соңғы үш жылдан бері де барлық титулдарды біріктіруге ұмтылып келеміз. Біз бұған әлі де қол жеткізе аламыз. Билли Джо Сондерс таяуда ғана өзінің алдағы жекпе-жегі болмайтынын жариялады. Егер «Канеломен» кездесудің сәті түспесе, ол басты үміткерлердің бірі болуы мүмкін.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT