Головкиннің промоутері «Канеломен» келіссөздерде неліктен шегініске барғанын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақта WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер оның IBF титулынан айырылуының жақсы жағы да бар екенін мәлім етті, деп хабарлайды Sports.kz.

Оның айтуынша, бұл мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші кездесуді ұйымдастыру туралы келіссөздерді алға жылжытуға септігін тигізген.

«Геннадий рематч өтуі үшін 50 пайыз үлестен бас тартуға да көнді. Мен GGG-дің келесі жекпе-жегі туралы ойлап жатырмын. IBF Головкинді титулынан айырып, жағдайды аздап жеңілдетті. Енді міндетті түрде қорғау туралы ойланудың  қажеті жоқ», - дейді Леффлер.

Еске сала кетейік, «Канелоның» командасы 15 қыркүйекте жекпе-жек өткізу үшін Лас-Вегастағы T-Mobile аренасына тапсырыс берген. Сол күні Головкинмен екінші кездесу болады деп жұрт күтіп отыр. 

Соңғы жаңалықтар