Головкиннің өз промоутерінен кететіндігі рас па - Демьяненконың пікірі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұртшылыққа танымал және беделді америкалық Los Angeles Times газетінің жазуынша, «кәсіби бокстағылар арасында қазақстандық Геннадий Головкиннің  өз промоутері Томом Леффлермен ынтымақтастығын тоқтатуы мүмкін деген алып-қашпа әңгіме айтылып жүр».  

Осыған орай sports.kz ҚР Кәсіби бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненконың пікірін білгенді жөн көрген. 

«Негізінде Том Леффлер Головкин үшін көп нәрсе жасады. Оны Америкаға апарды және телевидениемен өте жақсы қарым-қатынас орнатуына қол жеткізді. Мүмкін қазір GGG Мэйвезер тәрізді өзі промоутер, өзі менеджер болғысы келетін де шығар. Мен не себепті оның  Леффлермен арасындағы қарым- мұндай қатынастың бұлайша өрбігендігін, олардың келісімшартты неліктен бұзбақ болғандықтарын білмеймін. Бұл әңгіме қаншалықты шындыққа жанасатындығын да білмеймін. Мүмкін қазіргі кезеңде олардың келісімінің уақыты да біткен шығар. Сондықтан бұл мәселені қарастырып жатқан болар», -деген өз ойын жеткізді маман.

 

Соңғы жаңалықтар