Головкиннің командасы қыркүйекте Канеломен болатын жекпе-жектен бас тартты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Джонатан Бэнкс орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы 12 қыркүйекте WBA чемпионы Сауль Альвареске қарсы жекпе-жектің болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат жаңалықтарына сілтеме жасап.

«Канелоның» командасы қыркүйек айында болатын айқас туралы хабарласты, бірақ мен бас тарттым. Біздің жоспарымыз - Камил Шереметаға қарсы, содан соң тағы бір жекпе-жек өткізу.

Содан кейін біз «Канеломен» жұдырықтасуға дайын боламыз. Бұрын біз Альварес командасына айқасқа дайынбыз деп жүгінген едік, бірақ олар бас тартқан болатын. Ол өз қалағанын жасады. Қазір «Канело» Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін айтуда. Бірақ Геннадийдің басқа жоспарлары бар. Егер олар бұл жекпе-жектің болғанын қаласа, кейінірек болады. Біз мұны бірге жасауымыз керек», - деді Бэнкс.

Еске сала кетейік, GGG орта салмақтағы IBF титулын қорғау үшін міндетті түрде жекпе-жек өткізуі керек . Маусым айында Головкин поляк боксшысы Камил Шереметамен кездесуді жоспарлаған болатын. Өз кезегінде, Канело мамыр айында британдық Билли Джо Сондерспен жұдырықтасуы керек еді.


Соңғы жаңалықтар