+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Головкиннің келесі жекпе-жегінің жаңа датасы аталды

2020 жылғы 24 қазан 11:14
Бөлісіңіз:
Головкиннің келесі жекпе-жегінің жаңа датасы аталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері, Matchroom Boxing промоутерлік компанияның басшысы Эдди Хирн GGG-дің 2020 жылы жекпе-жегі өтетініне үміт қалмағанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақпен аз гонорарға кездескісі келді: Промоутер Головкинге ұсыныстар туралы айтты

Геннадийдің міндетті қарсыласы Польша боксшысы Камил Шеремета болуы тиіс. Бұған дейін жекпе-жек 20 қараша күні өтетіні хабарланған еді. Алайда, Шереметаның жаттықтырушысы Федор Лапин айқас күні кезекті рет ауыстырылатынын мәлімдеді.

Э.Хирн кездесу осы жылдың соңында немесе келесі жылдың басында өтуі мүмкін екендігін айтуда.

«Ия, Геннадий рингке 2020 жылы қайтып оралуды көздеп отыр деп ойлаймын. DAZN-нан жекпе-жектер кестесін қарастыру керек. DAZN бұл жекпе-жек (Головкин-Шеремета) қомақты ақша төлеп отыр және оның қашан өткізілетінін олар шешеді. Геннадий Головкин 2019 жылдың қазан айынан бері жұдырықтасқан жоқ. Көп уақыт болды. Қазіргі кезде GGG мансабында бастысы – Синко де Майода «Канеломен» үлкен жекпе-жектің өтуін қамтамасыз ету. Сондықтан, егер Геннадий желтоқсан не қаңтар айында жұдырықтасса және Шереметаны таза жеңсе, бірден «Канеломен» үшінші жекпе-жекке өтетініне үміттенеміз. Кез келген боксшы үшін 2020 жылы бірде-бір жекпе-жектің болмауы – үлкен соққы», - деді Хирн SI Boxing-қа берген сұхбатында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT