Головкиннің қарсыласы ауысты

None
None
АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАҚпарат - 30 наурызда Францияда Геннадий Головкин өзінің кезекті кездесуін өткізеді. Бұған дейін боксшымыз ганалық Осуман Адаммен кездеседі деген ақпарат шыққан еді. Ал кеше оның қарсыласы өзгергені белгілі болды.

Қазақстандық боксшының жаңа қарсыласы - жапониялық Нобухиро Ишида болмақ. Бұл боксшы шаршы алаңда 34 кездесу өткізіп, 24 жекпе-жекте жеңіске жеткен.

Ал Г. Головкин 25 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткені белгілі.

Соңғы жаңалықтар