Головкиннің Канеломен үшінші жекпе-жегіне негізгі кедергісі айтылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) күзде Польша боксшысы Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жекпе-жекте сенімді жеңіске жетуі тиіс. Бұл туралы Boxingnews24.com сайтында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сілтеме жасап.

Сайт мақала авторының пікірінше, бұл Головкиннің мексикалық Сауль Альвареспен (53-1-2, 36 КО) үшінші жекпе-жекті ұйымдастыруға көмегін тигізеді

«30 жастағы Шеремета 38 жастағы Головкиннің 2021 жылдың мамырына жоспарланған «Канеломен» «Синко де майода» кездесуінің соңғы кедергісі болмақ. Сондықтан Головкин Деревянченкомен өткен соңғы жұдырықтасу кезіндегідей өзін нашар көрсетпей, поляк боксшысын айқын басымдылықпен жеңуі тиіс», - деп жазды сайт.

Еске салсақ, Головкин мен «Канело» үшінші рет жекпе-жек өткізуге келіскен болатын.



Соңғы жаңалықтар