Головкиннің Деревянченкомен айқасынан кейінгі қарсыластарының есімдері анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн украиналық Сергей Деревянченкомен 5 қазанда Нью-Йоркте өтетін титулдық жекпе-жектен кейінгі боксшының болашағы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Геннадийдің таңдауы көп. Орта салмақтағы WBO чемпионы Деметриус Андраде бар. Егер сенбі күні GGG жеңсе, онымен айқасатыны табиғи жайт. Сондай-ақ, Билли Джо Сондерс бар. Егер ол салмағын 160 фунтқа түсірсе немесе Головкин 168-ге ұлғайтатын болса, онымен керемет айқас ұйымдастыруға болар еді. WBA/The Ring бойынша әлем чемпионы Каллум Смит, Дэнни Джэйкобспен рематч... тізімді жалғастыра беруге болады. Сенбі күні сол баяғы «шешуші» Геннадий Головкинді көретін болсақ, керемет болар еді. Көпшілік «Канеломен» үшінші жекпе-жекті талап ете бастаушы еді», - деді Хирн.

Қазақстан уақыты бойынша IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін Головкин мен Деревянченко арасындағы талас айқас 6 қазан күні таңертең «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

https://www.inform.kz/ru/promouter-golovkina-nazval-ego-sopernikov-posle-titul-nogo-boya-s-derevyanchenko_a3571290

Соңғы жаңалықтар