Головкиннің Деревянченкодан артықшылығы қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - The Athletic инсайдері Майк Коппинджер қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) жас ерекшелігіне қарамастан, украиналық қарсыласы Сергей Деревянченкодан (13-1, 10 КО) озық екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

37 жастағы GGG мен 33 жастағы Деревянченко 5 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында IBF нұсқасы бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы титулына таласатын болады. Майктың Твиттер желісіндегі оқырмандарының бірі Геннадийдің жасы Сергейден үлкен екенін атап өтті.

«Үлкен болса да күштірек», - деп жазды Коппинджер.


Соңғы жаңалықтар