Jańalyqtar
Головкиннің DAZN-мен шартты қандай жағдайда ұзарта алатыны белгілі болды
2020 жылғы 26 қараша 23:50
Бөлісіңіз:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Boxingnews24.com сайтының журналисі Барри Холбрук IBF және IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин қолданыстағы шарт мерзімі аяқталғаннан кейін DAZN стримингтік сервисімен ынтымақтастықты ұзарта алады деп санайды.
Ұқсас жаңалықтар
Теннисші Александр Бублик рейтингіде 45-орынға көтерілді
Альпинистер алғаш рет қыста Жердің ең биік екінші шыңын бағындырды
Бокс: Ләззат Күнгейбай Сербиядағы турнирдің жеңімпазы атанды
Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz- ке сілтеме жасап хабарлайды.
2019 жылы GGG жалпы сыйақы мөлшері 100 миллион доллар болатын алты жекпе-жек шартына қол қойған еді. Келісім аясында Геннадий әзірге екі жекпе-жек өткізді: Стив Роллсты нокаутқа түсірді және Сергей Деревянченконы жеңді. 18 желтоқсанда қазақстандық кәсіпқой боксшы Польшадан шыққан Камил Шереметамен жекпе-жекке шығады.
«Головкиннің DAZN-дағы алдыңғы жекпе-жектері Роллс пен Деревянченкомен өтті. Бұл жекпе-жектердің ауқымы айтарлықтай кең болған жоқ. Сондықтан стриминг басқармасы бұл кездесулер туралы қандай ойда болды деген сұрақ туындайды. Егер Головкин DAZN-мен шарт бойынша қалған төрт жекпе-жегін жеңіліссіз аяқтаса, платформа онымен тағы бір қысқа мерзімді келісімге қол қоюы мүмкін. Бұл жағдайда DAZN онымен тағы екі-үш жекпе-жек бойынша келісімге қол қояды деп күтуге болады», – делінген мақалада. Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Теннисші Александр Бублик рейтингіде 45-орынға көтерілді
- Үстел теннисінен Қазақстан чемпиондары анықталды
- ҚХЛ: Никита Михайлистің үш голы «Барысқа» жеңіс әперді
- Аустралия ашық чемпионатына келген 47 теннисші карантинде жатыр
-
«Канелоның» қулығы әшкереленіп, одан Головкинмен жекпе-жек өткізу талап етілді
-
Альпинистер алғаш рет қыста Жердің ең биік екінші шыңын бағындырды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER