Головкиннің бұрынғы арманы өзгерген жоқ - промоутер Леффлер

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге алдымен нокаутқа түсіп көрмеген мексикалық Сауль "Канело" Альваресті жеңу керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Геннадий ылғи барлық белбеулерді біріктіруді армандайтын. Егер ол "Канелоны" жеңсе, онда спорттық мансабының келесі кезеңіне шыға алады. Иә, оның Альвареспен жұдырықтасатыны туралы xабар лезде тарап кетті. Себебі бұл жекпе-жектің жөні бөлек. Бұған дейінгі айқастар соның көлеңкесінде қалып қоюы әбден мүмкін. Дегенмен, ол әлі де соңғы титул (WBO атағы - авт.) үшін таласқанды қалайды", - дейді GGG-дің промоутері Том Леффлер.

Айта кетейік , Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте өтеді. Оған жанкүйерлердің рекордтық саны жиналады деген болжам бар.  Осы жекпе-жектің жеңімпазы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен (24-0, 12 КО) кездесуі әбден мүмкін. Ол жайында ұлыбританиялық боксшының промоутері Фрэнк Уоррен де айтып отыр . 

Ал Головкин мен Альварес арасындағы келісімшартқа келер болсақ, онда мексикалық боксшыға қарымта кездесуге мүмкіндік беріліп отыр. Бұл дегеніміз, Альварес ұтылса, Головкин міндетті түрде бұған келісуі тиіс. Ал қазақстандық боксшының өзі жеңіліп қалса, қарымта кездесуді талап ете алмайды. Boxingnews24.com сайтының журналисі Дэн Эмброузтың ойынша, Головкинге «сарыбас» мексикалық жұлдызды нокаутпен жеңу керек. Егер бұл айқас та нокаутпен аяқталса, GGG кәсіби бокстың ғана емес, PPV рейтингі шыңына да шыға алады. 

Соңғы жаңалықтар