Головкиннің BoxRec-тің жаңартылған P4P рейтингіндегі орны белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – BoxRec порталының нұсқасы бойынша (салмақ санаты ескерілмеген) үздік боксшылардың рейтингі жаңартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен айда алғашқы ондықта шамалы ғана өзгерістер болды: WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы жеңілмеген әлем чемпионы Джермалл Чарло рейтингіде тоғызыншы орынды иеленді, одан кейін ресейлік Сергей Ковалев орналасты. Ол 2019 жылдың қараша айынан бастап рингке шыққан жоқ.

BoxRec нұсқасы бойынша pound-for-pound боксшылар рейтингі:

1. Сауль Альварес (Мексика);

2. Тайсон Фьюри (Ұлыбритания);

3. Теренс Кроуфорд (АҚШ);

4. Энтони Джошуа (Ұлыбритания);

5. Геннадий Головкин (Қазақстан);

6. Эррол Спенс-младший (АҚШ);

7. Деонтей Уайлдер (АҚШ);

8. Теофимо Лопес (АҚШ);

9. Джермалл Чарло (АҚШ);

10. Сергей Ковалев (Ресей).


Соңғы жаңалықтар