Головкиннің бапкері төрешілердің әділетсіздігі туралы: Қолымыздан бокстасу ғана келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль Альвареспен өтетін қарымта кездесуге төрешілердің ықпалын тигізе алатынын жоққа шығармайды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Бұл Головкиннің мансабындағы алғашқы рематч. Өзі жақсы танитын боксшымен кездескелі тұр. Төрешілер қайтадан қателік жіберсе, боксқа нұқсан келеді. Тағы да барлығын құртатын болса,  бұл Невада штаты екенін мойындаудан басқа ештеңе қалмайды. Қолымыздан бокстасу ғана келеді. Бұл жолғы кездесудің төрешілері дұрыс таңдалып, жекпе-жекті алдын ала толтырылған есеп бойынша емес, өз көздерімен көргендері арқылы бағалайды деген ойдамын», - деді Санчес.

Еске салайық, «Канело» мен GGG-дың алғашқы айқасы дау тудырып, соңында қарсыластар тең түскен еді. Екінші жекпе-жек 15 қыркүйекте Лас-Вегастегі T-Mobile аренасында өтетін болады. 

Соңғы жаңалықтар