Головкиннің бапкері оның «Канелодан» жеңілгеннен кейінгі жағдайын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес GGG-дің мексикалық Сауль Альварестен (50-1-2, 34 КО) жеңілгеннен кейінгі алғашқы сөздері мен реакциясын еске алды, деп хабарлайды Sports.kz.

- Головкин жекпе-жектен кейін киім ауыстыратын бөлмеге келгенде айтқан алғашқы сөздері қандай болды?

- «Жеңілгенімізге сене алмаймын. Мен жеңдім деп ойладым». Онымен келісемін. Мен де жеңдік деп ойладым. Бірақ, төрешілердің шешімін өзгерте алмаймыз. Біз де, адамдар да бізді жеңді деп ойлады.

Еске салайық, Головкин - «Канело» рематчы 16 қыркүйек күні Америка Құрама Штаттарының Лас Вегас қаласында өткен болатын. Нәтижесінде отандасымыз төрешілер шешімімен (113-115, 114-114, 113-115) жеңіліп, WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белдіктерінен айырылды. Олардың бірінші айқасы былтыр тең ұпаймен аяқталған еді. 

 

Соңғы жаңалықтар