Головкиннің бапкері «Канеломен» жекпе-жектегі нокауттың басты шартын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес Сауль Альвареспен екінші кездесуден не күтетінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Нокаут па? Біз бұл туралы онымен сөйлестік. Көрермендер екі боксшының бірінің жеңгенін қалайды. Мейлі, ол нокаутпен болсын, мейлі, төрешілердің шешімімен болсын. Егер нокаут болсын десе, «Канело» өзінің сөзінде тұрып, өзі уәде еткендей жұдырықтасуы керек. Ол бірінші кездесудегідей емес, қолын оңды-солды сілтеуі керек. Сонда ғана біз өткен жолы көре алмаған классикалық жекпе-жекті көреміз. Барлығы оның өзінің нокаут болатындай кездесу өткізуге қадам жасай алуына байланысты. Егер ол өткен жолғыдай қаша беретін болса, онда төрешілердің шешімімен де жеңу оңай болмайды. Қалың көпшілік мұны қалап отырған жоқ»,-деді Санчес Boxeo de Colombia басылымына берген сұхбатында.

Бірінші кездесу 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен болатын және ол теңдей аяқталып, оның арты елді дүрліктірді. Екінші кездесу 15 қыркүйекте сол бұрынғы жерде өтеді.

Соңғы жаңалықтар