Головкиннің бапкері «Канеломен» жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы орта салмақ дәрежесіндегі көптен күткен кездесуден кейін GGG-дің бапкері Абель Санчес Головиннен жекпе-жекті өзгеше жүргізу стилін көргісі келетінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Еске салайық, айқас соңында төрешілердің шешіміне сәйкес мексикалық боксшы жеңімпаз атанған еді.

«Тыңдаңыздар, «Канелоның» алғашқы кездесуде өзі қалағандай жұдырықтасуына не себеп болды? Біз бапкерлер ретінде міндеттерімізді орындаймыз: боксшыларды жаттықтырамыз, жаттығу кезінде қолымыздан келгенді аямаймыз, ойынның жоспарын жасаймыз. Олар рингке шығар кезде ыңғайына қарай келетін дүниелерді байқайды. Чепо «Канелоның» алғашқы жекпе-жектегідей бокстасқанын қаламағанына сенімдімін. Мүмкін Геннадий осы жолы менің ойымдағыдай жұдырықтасқысы келмеген болар. Сондықтан, боксшылар рингге қадам басқан соң өздері ойлағандай әрекет жасайды. Мен оның «Канеломен» бокстасқанын көргім келді. Егер Сауль рингтің ортасында жүрсе, дәл сол жерде жұдырықтасуы керек еді. Геннадий өз ыңғайына қарай әрекет жасауды дұрыс деп тапты және ол жақсы жұмыс жасады», - деді Санчес.

Соңғы жаңалықтар