Головкиннің бапкері «Канеломен» үшінші айқасты кейінге қалдырғанын мәлімдеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль Альвареспен (50-1-2, 34 КО) болатын үшінші айқас туралы және оны басқа қалаға ауыстыру жайлы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкиннің «Канеломен» бірінші айқасы да, екінші жекпе-жегі де Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile Arena-да өтіп, даулы нәтижелермен аяқталған еді: бірінші жекпе-жекте тең нәтиже болса, екінші айқаста төрешілердің басым дауысымен «Канело» жеңіске жеткен.

- Көптеген адамдар Головкиннің үшінші рет «Канеломен» Вегаста айқаспауын айтып жатыр...

- Кейде ақша мен қаржылық талаптарға байланысты Вегас жалғыз қолжетімді нұсқа саналады. Боксшылардың қайда жұдырықтасатынын промоутерлер шешеді.

- Жанкүйерлер бұл жекпе-жекті Нью-Йоркте көргілері келеді...

- 2019 жылы сол жерде болады деп үміттенемін. Жағдайдың қалай болатынын білу мүмкін емес. 

Соңғы жаңалықтар