Головкиннің бапкері Джейкобстың Брук пен Лемьеден айырмашылығын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчестің айтуынша, GGG Дэниэл Джейкобспен жекпе-жекке түскенде, Келл Брукпен айқасқандағыдай ашылмайтын болады, деп жазады Sports.kz.

Сондай-ақ, бапкер атап өткендей, Геннадий қарсыластарының ішінде Джейкобс Давид Ламьеден күшті.

«Әртүрлі қарсыластармен айқасқан уақытта түрлі мәселелер кездесіп отырады. Брукпен жекпе-жекке шыққанда ешқандай қауіп болмады. Головкин ең алдымен шоу жасап, көрермендердің айқастан ләззат алғанын қалады. Ол Бруктың соққысын мүлдем сезбеді. Ал Джейкобстың 32 айқасының 29-ын нокаутпен жеңгендігі - соққы бере алатындығының дәлелі. Барлығы алғашқы раундқа байланысты болады. Геннадий Джейкобстың қауіп төндіре алатындығын немесе алмайтындығын байқауы керек», - деген пікірін бөлісті Санчес Theboxingvoice тілшілерімен. 

Соңғы жаңалықтар