Головкиннің айқасы соңғы он жыл ішіндегі үздік жекпе-жектер тізіміне енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Boxingscene.com журналисі Стивен Эдвардс қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің екінші айқасын жоғары бағалады, деп хабарлайды Sports.kz.

Автор оны соңғы онжылдықтағы үздік айқастар тізіміне қосты (2010-2019).

Еске салайық, Головкин рематчта төрешілердің басым бөлігінің шешімімен «Канелодан» жеңіліп қалды.

«Осы онжылдықдағы менің сүйікті айқастарым мыналар: Гонсалес — Эстрада, Пакьяо — Маргарито, Уильямс — Херд, Котто — Мартинес, „Канело« — Головкин 2, Мэйвезер — Майдана 1, Спенс — Брук, Ломаченко — Линарес, Ригондо — Донэр, Иноуэ — Донэр, Уайлдер — Фьюри. Тағы бірнешеуін ұмытып тұрмын. Мэйвезер — Пакьяо айқасының өткенін қалаймын, айқастардың айқасы болар еді», - деп жазды Эдвардс.

Соңғы жаңалықтар