Головкиннің айқасы 2022 жылы күтілетін ең үздік жекпе- жек ондығына кірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – The Boxing Rant подкастының авторы Винс Каммингс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (57-1-2, 39 КО) өткізетін жекпе-жегін 2022 жылы күтілетін ең үздік айқас ондығына қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Каммингстің ондығы келесідей: Джервонта Дэвис — Василий Ломаченко, Наоя Иноуэ — Стивен Фултон, Теренс Кроуфорд — Кит Турман, Энтони Джошуа — Деонтей Уайлдер, Александр Усик — Тайсон Фьюри, Шакур Стивенсон — Крис Колберт, Роман Гонсалес — Хуан Франсиско Эстрада 3, Сауль «Канело» Альварес — Геннадий Головкин 3 (168 фунттағы), Джермелл Чарло — Брайан Кастаньо 2, Артур Бетербиев — Дмитрий Бивол.



Соңғы жаңалықтар