Головкиннің 2022 жылғы қарсыластарының есімдері аталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - The Ring журналисі және The Neutral Corner подкастының авторы Майкл Монтеро орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкиннің осы жылы рингте кіммен айқасатынына болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Монтеро ESPN Ringside-тың Туиттердегі жазбасына пікір білдірді. Онда қазақстандық Джермалл Чарло (WBC), Деметриус Андраде (WBO) және Риота Мурата (WBA Super), сондай-ақ Хайме Мунгия және кіші Крис Юбэнк сияқты әлемдегі орта салмақтағы үздік боксшылармен бір деңгейде көрсетілген.

«GGG жыл соңына дейін төменгі қатардағы үш боксшының екеуімен (Мурата және Мунгия) кездесетін шығар», - деп жазды Майкл.

Еске салайық, Геннадий Головкиннің Риота Муратамен айқасы 2021 жылдың 29 желтоқсанында Сайтамда өтуі керек еді, бірақ Жапонияда коронавирус шектеулерінің күшейтілуіне байланысты 2022 жылдың көктеміне ауыстырылды. Жекпе-жектің нақты күні әзірге белгісіз.



Соңғы жаңалықтар