Головкиннен жеңілген боксшы онымен тағы айқасқысы келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рингке оралғаны туралы көпшілікке жариялаған американдық боксшы Доминик Уэйд (18-1, 12 КО) орта салмақта үлкен жекпе-жек өткізуге рұқсат сұрамақ. Соның ішінде ол қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) қайта айқасуға ниетті, деп хабарлайды Sports.kz.

«Мен рейтингтердің шыңына жетемін, осы жолы бұрынғыдан да мықты боламын. Үлкен жекпе-жектерге рұқсат алғанша айқасам. «Канело», Головкин, Джейкобс, Чарло, Андраде және орта салмақтағы басқа да мықты боксшылармен жұдырықтасатын ойым бар. Бірнеше айқастан соң дивизиондағы үздік «үштікте» болатынымды сезіп отырмын. Бәрі алда екеніне сенімдімін», - деп мәлімдеді Уэйд.

2016 жылдың сәуір айында Доминик Уэйд Головкиннен жеңіліп қалған болатын. Бұл американдық боксшының рингтегі алғашқы жеңілісі болды. Одан кейін Уэйд екі жыл бойы рингке шықпады. Доминик келесі жекпе-жегін 17 қараша күні өткізетінін мәлімдеді, алайда оның қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз. 

Соңғы жаңалықтар