Головкиннен тартып алынған IBF титулы үшін өтетін жекпе-жек туралы ресми айтылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы үшін америкалық Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 KO) пен украиналық Сергей Деревянченко (12-0, 10 KO) 10 қарашада айқасады, деп хабарлайды Sports.kz.

Жекпе-жек HBO телеарнасында бокс кешінің басты оқиғасы болмақ. Оның қай жерде өтетіні әзірге белгісіз, бірақ ESPN журналисі Дэн Рафаэльдің айтуынша, бокс кеші Нью-Йорк маңындағы Юниондейлдегі  Nassau Veterans Memorial Coliseum-де ұйымдастырылуы мүмкін. Боксшылардың промоутерлері Эдди Хирн (Джейкобс) мен Лу ДиБелла (Деревянченко) Madison Square Garden мен Barclays Center ареналарында өткізбек болған, бірақ олар 10 қараша күні бос болмай шықты.

Еске сала кетейік, орта салмақтағы IBF белдігі Геннадий Головкиннен алып қойылған соң әзірге бос тұр.

Соңғы жаңалықтар