Головкинмен трилогия, әлде Мейвезермен реванш: «Канело» таңдау жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен трилогия ма, әлде кіші-Флойд Мейвезермен реванш па? Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес қай жекпе-жекті қалайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Екі салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы ESPN телеарнасындағы «You Have to Answer» бағдарламасына қатысып, оған осы екі нұсқаның біреуін таңдау ұсынылды. «Канело» көп ойланбастан Мейвезерді таңдады.

Естеріңізге сала кетейік, С.Альварестің кәсіби мансабындағы жалғыз жеңілісі 2013 жылы Флойдпен жекпе-жекте болған еді. Головкинге келетін болсақ, Альварес қазақстандық боксшымен рингте екі рет кездесті: 2017 жылы олардың жекпе-жегі тең аяқталды, ал бір жылдан кейін төрешілер «Канелоны» жеңімпаз деп таныды.


Соңғы жаңалықтар